Алдын ала болжамға сәйкес, қыстың алғашқы айы қазақстандықтарды салыстырмалы түрде жылы ауа райымен қуантпақ. Ел аумағы бойынша қаңтар айындағы орташа ауа температурасы климаттық нормадан 1–2 градусқа жоғары болады, деп хабарлайды CMN.KZ
Жауын-шашын мөлшері шамамен норма деңгейінде күтіледі. Алайда Павлодар облысында, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде қар қалың жауады деп болжануда.
Сондай-ақ қарлы қаңтар Ақмола мен Қарағанды облыстарының солтүстік-шығысында, Абай облысында, Алматы және Жамбыл облыстарының оңтүстік жартысында, Түркістан облысының оңтүстік-шығысындажәне Жетісу облысында күтіледі.
«Қар жауып, жел күшейіп, боран, тұман мен көктайғақ байқалатын күндер ашық әрі аязды ауа райымен алмасып отырады», – деп ескертті «Қазгидромет» РМК.
Аймақтар бойынша болжам
Елдің батысында қаңтардың алғашқы онкүндігінің басында түнгі температура –10…–18°С, күндіз –5…–12°Сдейін төмендейді. Кейін ауа райы жылып, әлсіз оң температуралар байқалуы мүмкін.
Солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлерде ауа температурасы құбылмалы болады:
-
түнде –10…–20°С-тан –3…–8°С-қа дейін,
-
күндіз –12…–2°С-тан –5…+3°С-қа дейін.
Шығыс өңірлерде:
-
түнде –2…–13°С-тан –10…–18°С-қа дейін,
-
күндіз –6…+2°С-тан –2…–10°С-қа дейін.
Оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста:
-
түнде –2…–12°С-тан –5…+5°С-қа дейін,
-
күндіз –3…+8°С-тан +5…+10°С-қа дейін,
ал елдің ең оңтүстігінде +15°С-қа дейін жылынады.
Қаңтардың екінші және үшінші онкүндігінде солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталық өңірлерге суық ауа массалары енеді. Осыған байланысты:
-
түнде ауа температурасы –25…–35°С,
-
күндіз –15…–20°С дейін төмендейді.
Қаңтардың ең жылы күндері ауа температурасы –5…+3°С дейін көтерілуі мүмкін.
Батыс өңірлерде суық толқындар кезінде:
-
түнде –20…–27°С,
-
күндіз –12…–19°С күтіледі.
Айдың жекелеген күндерінде күндізгі температура 0…+5°С дейін көтерілетін жылымық та болуы ықтимал.
Елдің оңтүстік жартысында ауа температурасы:
-
түнде 0…–5°С-тан –10…–20°С-қа дейін,
-
күндіз +2…+12°С-тан –3…–13°С-қа дейін құбылады.
Үшінші онкүндіктің кей күндерінде түнгі температура –20…–30°С, ал күндіз –10…–18°С дейін төмендеуі мүмкін.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз