Шымкентте «Пайызсыз Баспана» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды, деп хабарлайды CMN.KZ.

Шымкент прокуратурасы хабарлағандай, «Пайызсыз Баспана» қаржылық пирамидасын құрған және басқарған басшыларға қатысты сот үкімі шықты. Қаланың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешімімен ұйымның басшысы мен қызметкерлері 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Тергеу барысында анықталғандай, 2019-2021 жылдары сотталушылар Шымкент, Алматы және Астана қалаларында әлеуметтік желілер арқылы азаматтарды төмен бағамен баспана алуға қызықтырып, ақша салымшыларын тартқан. Жиналған қаражатты олар өз қажеттіліктеріне жұмсап, жылжымалы және жылжымайтын мүліктер сатып алған.

Нәтижесінде 134 адамға 171 миллион теңгеден астам зиян келтірілгені белгілі болды.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Share.

Leave A Reply

Exit mobile version