Шығыс Қазақстан облысы Самара ауыл округінің әкімі Мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін жазаланып, 780 мың теңгеге айыппұл салынды, деп хабарлайды CMN.KZ
Аймақ прокуратурасының мәліметінше, әкім бір ЖШС-мен бір көзден екі шарт жасасып, сол арқылы басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа тең қатысу мүмкіндігінен айырды.
«Келісімшарттардың жалпы сомасы 20 млн теңгеден асты. Бұл қаражатқа қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигонға қоршау және аудан орталығына бейнебақылау жүйесін орнату жұмыстары сатып алынған. Алайда, соңғы шарт бойынша нақты орындалмаған жұмыстар үшін ішінара төлем жасалған», – деп түсіндірді хабарламасында.
Самара ауыл округі әкімінің жол берілген бұзушылықтары үшін ӘҚБтК 207-бабының 11 бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 786 400 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
Әдеп кеңесінің шешімі негізінде, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін әкімге қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескертілді.