1 ақпанда Шығыс Қазақстан облысындағы «Күршім-Қалжыр» тас жолында ЖКО орын алды. Апат салдарынан оқиға орнында төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды CMN.KZ

Облысының ПД баспасөз қызметі «Күршім-Қалжыр» тас жолында «Lada Granta» және «Hyundai Santa Fe» автокөліктері соқтығысқанын хабарлады.

«Апат салдарынан «Lada Granta» жүргізуші мен үш жолаушысы сол жерде қаза тапты. «Hyundai Santa Fe» жүргізушісі мен үш жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді», – деп нақтылады ПД.

Жол-көлік оқиға фактісі бойынша полицияда қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша шешім қабылданады.

Құқық қорғау органдары сонымен қатар жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жол жағдайларын ескеруге және көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылауға шақырады.

Бұған дейін Алматыда фургон жүргізушісі екі көлікпен соқтығысып, қаланың қарбалас даңғылдарының бірінде келе жатқан жолаққа шықты. Үш адам зардап шекті.

Share.

Leave A Reply

Exit mobile version