ШҚО-да "Қазцинк" 20 млн теңгеге айыппұл арқалады: шығарындылар нормадан бірнеше есе асып кеткен

Экологическая проверка в ВКО
Фото: Instagram/shqoecodep

Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде «Қазцинк» кәсіпорнында зиянды шығарындылар нормадан бірнеше есе асып кеткен, деп хабарлайды CMN.KZ

ШҚО экология департаментінің мәліметінше, тексеру барысында:

  • күкірт диоксиді 3,5 есеге;
  • көміртек оксиді 2 есеге;
  • азот оксиді 1,5 есеге
    нормадан жоғары болғаны анықталған.

Экологтар жүргізген тексеру кәсіпорындағы шаң-газ тазарту жабдықтарының тиімсіз жұмыс істейтінін көрсеткен. Соның салдарынан түтін газдары жеткілікті деңгейде тазартылмаған.

Сонымен қатар, қолайсыз ауа райы жағдайында кәсіпорын шығарындылар көлемін азайтпаған. Бұл экологиялық рұқсат талаптарына қайшы келеді.

«Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорынға шамамен 20 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді», – деп хабарлады.

Қазір экологиялық талаптардың орындалуы бақылауда.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска