Ішкі істер министрлігі Шымкентте ірі алаяқтыққа күдіктінің ұсталғанын хабарлады, деп жазады CMN.KZ.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам криптовалюта арқылы есеп айырысу сылтауымен компанияны және оның мүлкін өз атына қайта рәсімдеуді ұйымдастырған.
«Заңдық рәсімдер аяқталғаннан кейін бұрынғы иесіне криптоәмиянға қол жеткізу үшін жалған деректер берілген, яғни төлем іс жүзінде жүргізілмеген», – деп мәлімдеді ІІМ.
Кейін күдікті компанияда компромат бар екенін айтып, оны жария етпеу үшін бұрынғы иесінен 250 мың доллар талап еткен.
Ер адам талап етілген соманың бір бөлігін – 150 мың долларды алу кезінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция алаяқтық және бопсалау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғады.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз