Шымкентте 21 жастағы қыз пышақ жарақаттарынан қаза тапты

полиция
МВД РК

Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқан қыз шабуыл жасаған адаммен таныс болған. Полиция күдіктінің жеке басын анықтады, деп хабарлайды CMN.KZ.

Otyrar.kz мәліметінше, адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктіге іздеу жарияланған.

«Қазіргі уақытта оның жүрген жерін анықтау, ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, 10 қаңтарда Екібастұз қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде пышақтасу болған еді. Әйелге жасалған қанды шабуыл пәтер ішінде басталып, жәбірленуші подъезге шығып үлгергенімен, күдікті оны сол жерде қуып жеткен.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска