Сыртқы істер министрлігіне жаңа функция қосылды. Тиісті қаулы үкіметте қабылданды, деп хабарлайды CMN.KZ
Сондай-ақ, құжатқа сәйкес министрлігінде Қазақстан азаматтығы, азаматтықтан айырылуды тіркеу және ҚР азаматтығына тиесілігін анықтау мәселелері бойынша ҚР шет елдердегі мекемелерінің өтініштерді қабылдау және қарау қағидаларын әзірлеумен және бекітумен айналысатын болады.
Тиісті қаулы күшіне енді.
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың саусақ ізі рәсімі келесі мақсаттарда қолданылады:
- жеке басын куәландыру және сәйкестендіру үшін;
- шетелдіктердің қозғалысын есепке алу және мониторинг жүргізу үшін;
- қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін;
- Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін адамдарды бақылау үшін.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдан бастап шетелдіктер Қазақстан аумағында уақытша болуға рұқсат ресімдеу үшін дактилоскопиялық сараптамадан өтуі тиіс. Бұған дейін саусақ іздерін көші-қон полициясының қызметкерлері жұмыс істеген Халыққа қызмет көрсету орталықтарда тапсыру қажет болатын.