Шетелде өткен референдумға 12 мыңнан астам қазақстандық қатысты, деп хабарлайды CMN.KZ
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, басқа мемлекеттерде орналасқан 71 учаскелік комиссияның барлығыАстана уақытымен таңғы сағат сегізге қарай жұмысын аяқтаған.
Қазақстан азаматтары 54 елде дауыс берген.
«Учаскелерге 12 740 адам келді. Бұл 88,6% қатысу деңгейін қамтамасыз етті», – деп хабарлады СІМ.
Еске салайық, 16 наурызға қараған түні Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумның алғашқы экзитпол нәтижелері жарияланған болатын.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз