Шарын ұлттық паркінде сирек кездесетін түркістан сілеусіні камераға түсті

туркестанская рысь
Фото: Telegram/sosediasia

Шарын ұлттық табиғи паркінде сирек кездесетін жыртқыш – түркістан сілеусіні фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды CMN.KZ

Кадрларда аңның парк аумағында емін-еркін жүргені байқалады.

Парк қызметкерлерінің мәліметінше, түркістан сілеусіні – табиғатта өте сирек кездесетін әрі аса сақ жануарлардың бірі.

«Бұл жыртқыштың пайда болуы жергілікті экожүйенің қолайлы жағдайда екенін көрсетеді», – деп атап өтті ұлттық парк өкілдері.

Мамандар мұндай жағдайлар табиғи ортаның сақталғанын және биоалуантүрліліктің тұрақты екенін дәлелдейтінін айтады.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска