Шахтёрлар мен кәсіпкерлерден ақша бопсалаған: Ақтөбе облысында екі қылмыстық топ ұсталды

задержание
Фото: кадры из видео

Ақтөбе облысында ақша бопсалаумен айналысқан екі ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды CMN.KZ

ІІМ мәліметінше, жедел іс-шаралар наурыз айында жүргізілген.

Хромтауда жергілікті қылмыстық ортаға қатысы бар топ шахтёрлардан ақша бопсалаған. Күдіктілер қорқытып-үркітіп, күш қолданғандықтан, жәбірленушілер ұзақ уақыт бойы полицияға жүгінбеген.

Құқық қорғау органдары барлық күдіктіні анықтап, дәлелдер жинағаннан кейін оларды бір мезгілде ұстаған. 20-ға жуық санкцияланған тінту жүргізіліп, ақша мен өзге де айғақтар тәркіленді.

Тағы бір топ Ақтөбе қаласында анықталған. Олар ойын-сауық орындарында әрекет етіп, күзет қызметкерлеріне қысым көрсетіп, күш қолданып, «қамқорлық» қызметін күштеп таңған.

Барлық күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір олардың басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр.

Аталған фактілер бойынша бопсалау дерегімен қылмыстық істер қозғалды. Сонымен қатар, заңсыз ұстау және бас бостандығынан айыру эпизодтары бойынша да қосымша тексерулер жүргізілуде.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска