Серік Сәпиев тағы бір қызметке тағайындалды – енді Бокс федерациясында

Серик Сапиев
Фото: instagram.com/serik_sapiyev/

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қазақстан бокс федерациясында жаңа қызметке ие болды, деп хабарлайды CMN.KZ

Ол федерация президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Ұйымның мәліметінше, бұл қызметте Сәпиев елдегі боксты дамытуға, ұлттық құрамалардың нәтижесін арттыруға және спортшыларды Олимпиада ойындарына жоғары деңгейде дайындауға атсалысады.

Айта кетейік, Серік Сәпиев – Лондон Олимпиадасының чемпионы, сондай-ақ 2010 жылы Гуанчжоуда өткен жазғы Азия ойындарының жеңімпазы.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска