Семейдің бір дүкенінде болған оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеода дүкенге келген ер адам екі банка сыраны алып, ақысын төлеуден бас тартқаны байқалады, деп хабарлайды CMN.KZ.

Сатушы оған қарсы тұрып, тауарды қайтармақшы болғанда, ер адам оған күш қолданып, төбелес шығарады.

Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша, оқиға орнына полиция қызметкерлері шұғыл жетіп, «Сергек» жүйесінің көмегімен күдіктінің жеке басын тез арада анықтаған. Артынша 44 жастағы азамат қолға түскен.

«Ер адамның әрекеті күш қолданумен бірге жасалған тонау ретінде бағаланды. Бұл әрекет үшін қылмыстық кодекс бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», — деп хабарлады полиция өкілдері.

Share.

Leave A Reply

Exit mobile version