Семей қаласындағы жастардың қақтығысы үлкен қайғылы оқиғаға ұласты, деп хабарлайды CMN.KZ тілшісі.

5 қазан күні кешкі уақытта 17 жастағы геодезия және картография колледжінің бірінші курс студенті мен 16 жастағы өзге оқу орнының шәкірті арасындағы келіспеушілік төбелеске айналды. Бірнеше соққыдан кейін жасөспірімнің бірі жан тапсырды. Қайтыс болған бозбала көпсалалы колледждің бірінші курсында оқыған.

Қазіргі уақытта полиция қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл жағдай қоғамды дүр сілкіндірді, әділдік іздеуге жол ашты.

Share.

Leave A Reply

Exit mobile version