Қазақстандық интернет кеңістігінде Қазақстанның тұңғыш президентінің жұбайы Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы қауесет тарады. Бұл ақпаратты Нүрсүлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жоққа шығарды, деп хабарлайды CMN.KZ.
«Журналистердің Сара Алпысқызына қатысты сұрақтарына жауап ретінде желіде тараған оның қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеймін», — деп жазды Үкібай X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Қазіргі таңда Сара Назарбаева 83 жаста. Ол 1941 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысындағы Қызылжар ауылында дүниеге келген.
1962 жылы болашақ президент Нұрсұлтан Назарбаевпен отау құрды. Олар Қарағанды металлургия зауытының цехында жұмыс істеп жүріп танысқан. Ол кезде Нұрсұлтан Әбішұлы зауыт пешінде қызмет етсе, Сара Алпысқызы электрлік қосалқы станцияда жұмыс істейтін.
Олардың некесінен үш қызы дүниеге келді: Дариға, Динара және Әлия. Алайда уақыт өте келе олардың отбасылық өмірі ажырап, қазіргі кезде Сара Назарбаева өзінің қыз кезіндегі Қонақаева тегін қайта алды.
2024 жылдың 22 қазанында Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Сатыбалды Назарбаевтың жұбайы Светлана Назарбаеваның қайтыс болды. Ол Қайрат Сатыбалды мен Самат Әбіштің анасы.