Санжар Бокаев неге қамауға алынды: Бас прокуратура түсіндірді

Санжар Бокаев, пиджак
Фото: instagram.com/sanzhar_bokayev/

Қазақстанда қоғам белсендісі Санжар Бокаевтың қамауға алыну себептері белгілі болды, деп хабарлайды CMN.KZ

Бұл туралы Сенаттағы брифингте Бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегенов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Бокаевқа қатысты бірнеше эпизод бойынша күдік бар.

«Бокаев ірі көлемде алаяқтық жолымен ақша жымқырды және заңсыз ағаш кесуді ұйымдастырды деген күдікке ілінді», – деді Өтегенов.

Оның сөзінше, бұл құқықбұзушылықтар Бокаев ұлттық компанияда жұмыс істеген кезеңге қатысты.

Тергеу нұсқасына сәйкес, ол Алматыда ағаштарды заңсыз кесуге және құрылыс нысандарынан материалдарды ұрлауға қатысы болуы мүмкін.

Санжар Бокаев 18 наурызда ұсталған. Кейін сот оны екі айға қамауға алу туралы санкция беріп, күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Құқық қорғау органдары істің барлық мән-жайы тергеу аяқталғаннан кейін жарияланатынын мәлімдеді.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска