Степногорск сотында Бақытжан Байжановтың жарияланған рақымшылыққа байланысты жазасын өтеу мерзімін қысқарту туралы өтініші қанағаттандырылды, деп хабарлайды CMN.KZ

2024 жылғы 13 мамырда Салтанат Нукенованы өлтіргені үшін сотталған экс-министр Қуандық Бишимбаевтың ағасы ерекше ауыр қылмысты жасырғаны үшін төрт жылға сотталды.

«Сотталған Байжановқа қатысты ұсыныс келесі негіздер бойынша қанағаттандырылды. ҚК-нің 78-бабының 2-бөлігіне сәйкес, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға жаза мерзімі қысқартылуы мүмкін», – деп хабарлады баспа-сөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес, негізгі жазаның өтелмеген бөлігінің мерзімі немесе мөлшері залал өтелген жағдайда не олар болмаған кезде ауыр қылмыстар бойынша үштен біріне қысқартылады.

Сотталған Байжановтан сот үкімімен өндіріп алынған мәжбүрлі төлем және іс жүргізу шығындары толық көлемде өтелген.

«Сот қаулысымен ҚАЖ мекемесінің сотталған Б.-ға жаза мерзімін қысқарту туралы ұсынысы қанағаттандырылды. «ҚР Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңға сәйкес, сотталған Б.-ға өтелмеген жаза мерзімі 1/3 бөлікке қысқартылды және өтеуге түпкілікті 1 жыл 4 ай 17 күн бас бостандығынан айыру мерзімі белгіленді», – делінген хабарламада.

Сондықтан, Бишимбаевтың ағасы 2026 жылдың қараша айында бостандыққа шығады.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Ұлттық экономика экс-министрі Бишимбаев жұбайы Салтанат Нукенованы азаптап өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Ол 24 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім шығарылғаннан кейін Бишимбаевтың адвокаттары Астанадағы апелляциялық алқада сөз сөйледі. Олар бірінші сатыдағы сотта төрағалық етуші Айжан Қульбаева ҚР ҚІЖК нормаларын 20 бұзушылыққа жол бергенін атап өтті. Олардың ішінде: бопсалау, қорқыту және біржақтылық. Алайда апелляциялық алқа олардың барлық дәлелдерін негізсіз деп тапты. Сотталғандарға үкім өзгеріссіз қалды.

Share.
Leave A Reply

Exit mobile version