Сәбиді ағыс алып кетті: екі жасар қыздың денесі бес күннен кейін табылды

На Каспии 8 часов искали унесенных в море мужчин
Фото: bangkokbook.ru

Түркістан облысында өзенге батып кеткен екі жасар қыздың денесін құтқарушылар бес күнге жуық уақыт іздеді, деп хабарлайды CMN.KZ

Қайғылы оқиға 31 наурыз күні Машат ауылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, бүлдіршін өзенге құлап кеткен.

Іздеу-құтқару жұмыстары бірнеше күн бойы жүргізілді. Қыздың денесі тек 4 сәуір күні Сайрам ауданындағы осы аттас өзеннен табылды.

«Ағыс баланы оқиға орнынан шамамен жеті шақырым төмен алып кеткен», – деп хабарлады ТЖМ.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска