Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды CMN.KZ
1/8 финалда қазақстандық теннисші Аустралия өкілі Талия Гибсонды (WTA рейтингінде № 68) сенімді түрде жеңді. Кездесу екі сетте – 6:2, 6:2 есебімен аяқталып, бір сағаттан сәл ғана асты.
Енді жартылай финалға шығу үшін Рыбакинаға әлемнің бесінші ракеткасы Джессика Пегуламен ойнау керек. Ол бұған дейін румыниялық Жаклин Кристианнан басым түскен.
Кездесу 25 наурызға жоспарланған.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз