Ретроградты Меркурий несімен қауіпті? Ғалым мифтерді жоққа шығарды

Астрологический круг
Фото: pxhere

Әлеуметтік желілерде кезекті «ретроградты Меркурий» туралы қызу талқылау жүріп жатыр. Астрологтар 26 ақпан мен 20 наурыз аралығында бұл құбылыс адамдардың өміріне кері әсер етуі мүмкін деп, маңызды шешімдерді кейінге қалдыруға кеңес беруде.

Алайда Ресей Ғылым академиясының Қолданбалы астрономия институтының ғылыми қызметкері Николай Железнов бұл пікірмен келіспейді. Ол ТАСС агенттігіне берген сұхбатында «ретроградты Меркурий» шын мәнінде артқа қозғалмайтынын түсіндірді.

Ғалымның айтуынша, бұл – планеталардың Күнді әртүрлі жылдамдықпен айналуына байланысты пайда болатын оптикалық иллюзия.

«Барлық планеталар Күнді эллипстік орбита бойымен айналады, бірақ олардың айналу периоды мен жылдамдығы әртүрлі. Жер Күнді шамамен 365 күнде айналып шығады, ал Меркурий – 88 күнде. Сондықтан ол бір жыл ішінде Жерді бірнеше рет “басып озады”», – деді ол.

Жерден бақылаған кезде белгілі бір сәтте Меркурий кері бағытта қозғалып жатқандай көрінеді. Бұл құбылыс ретроградты немесе «кері қозғалыс» деп аталады.

Железнов мұндай иллюзия ұзаққа созылмайтынын, біраз уақыттан кейін планеталар қайтадан бір бағытта қозғалып тұрғандай көрінетінін айтты. Оның сөзінше, Меркурийде бұл оптикалық эффект жылына үш-төрт рет байқалады.

Ғалым ретроградты Меркурийге қатысты айтылатын жағымсыз салдардың барлығы астрологиялық мифтер екенін атап өтті.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска