Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға жалған ақпарат тарату жауапкершілікке әкелетінін ескертті, деп хабарлайды CMN.KZ
Ведомство мәліметінше, ел үшін маңызды кезеңдерде ақпараттық кеңістікте жалған хабарламалар мен әдейі таратылатын «вброс» ақпараттар жиі пайда болады. Олардың мақсаты – қоғамды жаңылыстырып, дезинформация тарату.
«Қазіргі таңда цифрлық технологиялар, нейрожелілер мен генеративті жасанды интеллекттің дамуына байланысты жалған контент жасау және тарату әлдеқайда жеңілдеді. Қысқа уақыт ішінде кез келген қолданушы адамдарды шатастыруы мүмкін материалдар дайындай алады», – деп мәлімдеді министрлік.
Құқық қорғау органдары әдейі жалған ақпарат тарату заң бұзушылық екенін атап өтті. Мұндай әрекеттер үшін әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілік қарастырылған.
Қазақстандықтарға тексерілмеген ақпаратқа сенбеу, әсіресе ресми дереккөздерге сілтемесі жоқ мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі хабарламаларға сақтықпен қарау ұсынылды.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз