Қызылорда облысында медициналық мекемелер сыбайлас жемқорлардың ақшасына салынады

Қызылорда облысында медициналық мекемелер сыбайлас жемқорлардың ақшасына салынады

Осы мақсатқа арнаулы мемлекеттік қордан жеті млрд теңге бөлінді. Бұл ақша-сыбайлас жемқорлықтан алынған қайтарылған активтер, деп хабарлайды CMN.KZ

Бөлісу

Қаражат Арал, Қазалы, Шиелі және Жаңақорған аудандарындағы орталық аудандық ауруханалар жанынан жаңа ғимараттар салуға бағытталды.

Жаңа ғимараттарда инсульт орталықтары мен рентгенохирургия бөлімшелерін қоса алғанда, бейінді бөлімшелер ашылады, сондай-ақ оларды заманауи медициналық жабдықтармен: магниттік-резонанстық томографпен және ангиографиялық қондырғылармен жабдықтайды.

"Жобаларды іске асыру ауылдардың 300 мыңнан астам тұрғынын мамандандырылған медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деп атап өтті үкімет.

Нысандарды 2025 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска