Атырау облысы Құрманғазы ауданының тұрғыны қос азаматтыққа байланысты заңды бұзып, 500 мың теңгеден астам айыппұл төлеуге мәжбүр болды, деп хабарлайды CMN.KZ.

47 жастағы азамат Қазақстанда дүниеге келіп, 2002 жылы Қазақстанның төлқұжатын алған. Алайда, 2023 жылы Ресей азаматтығын қабылдап, сол жылдың шілдесінде ресейлік құжаттарын да рәсімдейді. Бірақ, қазақстандық заң талаптарына сәйкес, ол 30 күн ішінде қос азаматтық алғанын хабарламаған.

Бұл дерек ашылған соң, Құрманғазы аудандық соты оны кінәлі деп тауып, 516 880 теңге айыппұл салды. Сонымен қатар, ол Қазақстан азаматтығынан айырылып, мәліметтер арнайы ақпараттық жүйелерге енгізілді.

Биыл Атырау өңірінде қос азаматтыққа қатысты 17 жағдай анықталды. Сот шешімімен 15 адамға айыппұл салынып, 2 адам елден шығарылды. Оларға Қазақстан аумағына бес жылға дейін кіруге тыйым салынған.

ҚР заңына сәйкес, қос азаматтыққа тыйым салынған. Қазақстан азаматтығын алғандар бұрынғы елінің құжаттарын 30 күн ішінде тапсыруға міндетті, сондай-ақ басқа мемлекеттің азаматтығын қабылдаған қазақстандықтар да бұл талапты орындауы қажет.

Share.

Leave A Reply

Exit mobile version