Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айтты, деп хабарлайды CMN.KZ
Болу провинциясында орналасқан Карталкая тау шаңғысы орталығында болған өрт салдарынан көптеген адам қаза тапқан және зардап шеккен. Жеделхатта бұл хабарды Қасым-Жомарт Тоқаев терең күйзеліспен қабылдағанын атап өтілген.
«Мемлекет басшысы Қазақстан халқының атынан және өз атынан Режеп Тайип Ердоғанға, қаза тапқандардың отбасыларына және бүкіл бауырлас түрік халқына шын жүректен көңіл айтты, сондай – ақ барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі», – деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, Болу провинциясындағы Карталкая тау шаңғысы курортындағы Grand Kartal қонақ үйіндегі өрт құрбандарының саны 76-ға дейін өсті. Төтенше жағдай 2025 жылдың 21 қаңтарында орын алған. Мейрамхана бөлімінде жалын тұтанып, ғимараттың жоғарғы қабаттарына тез тарады.