Ресей құрамасының бұрынғы ойыншысы Александр Мостовой Қазақстан футбол құрамасы мен оның бас бапкері Станислав Черчесов туралы пікір білдірді. Ол Черчесовтың жақында қызметінен босатылып, Ресейге қайта оралуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды CMN.KZ.

«Гвардиола да, Черчесов та Қазақстан құрамасымен жеңіске жете алмас еді. Станислав қайда бара жатқанын және нәтижесі қандай болатынын білген. Қазақтар маған ренжімесін, бірақ олар ештеңе жеңбеген және жеңбейді де. Егер жаңа Месси пайда болса, жағдай басқаша болар еді», — деді Мостовой «РБ Спорт» басылымына берген сұхбатында.

Ол Черчесовқа дейін Қазақстан құрамасының Магомед Адиевтің басқаруында жақсырақ ойнағанын да атап өтті.

«Қазір гол да соға алмайды. Станиславты жақын арада қызметінен босатып, Ресейге қайтарады деп ойлаймын», — деп қосты ол.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының бес турында бар болғаны бір ұпай жинап, өз тобында соңғы орынға жайғасқан. Черчесов бұл қызметке 2024 жылдың 3 маусымында кіріскен. Алайда, 61 жастағы бапкер бұл аралықта бірнеше даулы оқиғалармен есте қалды.

Share.

Leave A Reply

Exit mobile version