Украинадағы Қазақстан елшілігі қазақстандықтарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, мүмкіндігінше елден шығуды ұсынды, деп жазады CMN.KZ.
Әсіресе, қарулы қақтығыстар мен әуе шабуылдары белсенді жүрген аймақтардан аулақ болуға кеңес берілді.
«Әуе дабылы еленбей қалмауы тиіс. Әрбір азамат дереу баспанаға барып, ресми билік өкілдерінің ұсыныстарын бұлжытпай орындауы керек», – делінген хабарламада.
Украинадан Қазақстанға оралу үшін азаматтарға Польша мен Молдова арқылы жерүсті жолдарын пайдалануға болады. Польша арқылы өтуді жоспарлағандарға шенген визасы қажет, ал Молдова арқылы кіруге виза талап етілмейді.
Елшілік азаматтарға қажетті көмек көрсету үшін арнайы байланыс нөмірлерін ұсынды:
Консулдық бөлім: +38(044) 4831596, +38(044) 4891031.
Шұғыл желі: +38(067) 3470408.