Бүгінгі таңда Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 105 ардагері, сондай-ақ Жеңіске үлес қосқан 40 мыңнан астам азамат тұрады, деп хабарлайды CMN.KZ
Жеңістің 80 жылдығына орай 109 ардагер бес миллион теңге көлемінде материалдық көмек алды. Жалпы сомасы 545 миллион теңгені құрады.
Бұл туралы Ортылақ коммуникациялар қызметінде өткен конференция барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ханафин мәлімдеді.
«Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу құрметіне бүкіл ел бойынша жергілікті атқарушы органдар ҰОС ардагерлеріне бірыңғай мөлшерде – 5 млн теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетті», – деді Олжас Анафин.
Сондай-ақ ол ардагерлердің басқа санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсету туралы хабарлады:
- қоршаудағы Ленинград тұрғындарына – 60-тан 200 мың теңгеге дейін (64 адам);
- концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына – 98-ден 200 мың теңгеге дейін (129 адам);
- мүгедектігі бар қайтыс болған ҰОС ардагерлерінің жұбайларына – 50-ден 150 мың теңгеге дейін (1 638 адам);
- ҰОС кезінде қаза тапқандардың жесірлеріне – 50 мың теңге (екі адам);
- тыл еңбеккерлеріне – 50-ден 200 мың теңгеге дейін (38 874 адам).
Сонымен қатар, спикердің айтуынша, жергілікті атқарушы органдар ардагерлерге бюджет және демеушілік қаражат есебінен қосымша көмек көрсетеді.