Бұл туралы Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері және үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды CMN.KZ
Спортшы көлікті сатуға не үшін шешім қабылдағанын түсіндіріп, бұл қадамды көптен бергі арманы — өз бокс залын ашу үшін жасап отырғанын айтты.
«2025 жылға арналған жоспарларым көп болды, қуанышқа қарай, олардың басым бөлігін жүзеге асыра алдым. Әсіресе үш мақсат мен үшін маңызды еді. Біріншісі — үш дүркін әлем чемпионы атану, екіншісі — отбасым үшін үлкен үй алу. Ал үшіншісі — бокс залын ашу. Осы мақсаттардың екеуі орындалды», – деді спортшы.

Ол сондай-ақ жазылушыларына зал үшін лайықты ғимаратты алдын ала қарап қойғанын да бөлісті.
Сонымен қатар Назым Қызайбай көліктің жақсы жағдайда екенін және оны қатты жақсы көретінін, алайда арманы үшін бұл сыйлықтан бас тартуға дайын екенін атап өтті.

