Ұлттық банк басқармасы валютаны реттеу мәселелері бойынша құжаттарында өзгерістерді бекітті. Сондай-ақ есеп беру, ел аумағында шетелдік ақшаны сату және айырбастау ережелеріне қатысты өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды CMN.KZ
«Басқарма шешімімен ақша айырбастау пунктері арқылы жүргізілетін операциялар үшін қолма-қол шетел валютасын сатып алу және сату бағамдарының айырмашылығы шектелді: АҚШ долларына – 7 теңге, еуроға – 10 теңге», – Ұлттық банктің хабарламасында айтылған.
Сондай-ақ банктердің валюталық операциялар бойынша есеп беру мерзімдерін қысқарту бойынша өзгерістер енгізілді, жүргізілуі валюталық заңнама талаптарынан жалтаруға бағытталуы мүмкін және қаржылық мониторингке жататын операциялардың тізбесі кеңейтілді.
Жалпы, ұлттық қордың валюталық активтері 2024 жылдың қорытындысы бойынша 58.8 млрд АҚШ долларын құрады. Осы кезеңдегі инвестициялық табыс жағымды нәтиже беріп, 4,6 млрд АҚШ долларын немесе 7,6% құрады. Құрылған сәттен бастап қордың жинақталған кірістілігі жылдық мәнде шамамен 128% немесе 3,55% құрайды.
Бұған дейін Ұлттық банк басшысы белгіленген бағамның экономикаға әсерін түсіндірді. Қазақстанда қазіргі экономикалық саясаты кезінде теңгенің белгіленген бағамына қайта оралу қарастырылмайды. Қаржы реттеушісі басшысының айтуынша, теңгенің басқарылатын бағамы елдің нарықтық экономикасының қағидаттарына қайшы келеді.