Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың айтуынша, атом электр станциясын салу үшін әлеуетті вендор бірінші жартыжылдықтың соңында аталады, деп хабарлайды CMN.KZ
Энергетика министрлігі компаниялары АЭС салу консорциумына кіре алатын елдерге сапарларын аяқтады. Үкімет қортыныдылау үшін және болашақ АЭС салатын компания атау үшін әлеуетті вендорлардан жауаптар күтілуде.
«Министрдің басшылығымен біз барлық әлеуетті елдерге бардық. Біз вендорларға сұрақтарымызды қойдық. Олар қазір кері байланыс беруде. Бірінші жартыжылдықтың соңында осы жұмыстың қорытындылары шығарылып, алдын ала нәтижелер жарияланады. Сонда әлеуетті вендор белгілі болады»,—деді вице-министр Үкіметтегі брифингте.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 6 қазанда Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі бойынша референдум өтті. CMN.KZ референдумның нақты деректерін, оның нәтижелерін, негізгі аргументтерін, сондай-ақ қызықты деректер мен қоғамның реакцияларын қарастырды.