Қазақстанда 2025 жылдың жазында 188 маусымдық, 10 мыңнан астам мектеп жанындағы және 512 шатырлы мен киіз үй лагерлері ашылады. Арнайы бағдарламалармен үш миллионнан астам оқушыны қамту жоспарлануда, деп хабарлайды CMN.KZ
Бағдарламада не бар? Еңбек және шығармашылық қызмет, туристік және танымдық маршруттар, зияткерлік және білім беру іс-шаралары, сондай-ақ халықаралық жобалар мен форумдар.
«Қауіпсіз әрі белсенді жазғы демалыс мәдениетін қалыптастыру мақсатында арнайы жадынамалар, нұсқаулықтар мен гайдбуктар әзірленіп, балалар мен ата-аналарға таратылатын болады. Өңірлерде «Киелі шығыс», «Ұлы Дала кереметі», «Jas galym», «Гастро туризм», «Қонақжай отбасы» сынды бірегей жобалар іске асырылады», – деп айтылды ҚР Білім министрлігінде.
Жоспарды әзірлеуге және дайындауға бірден тоғыз Мемлекеттік орган жұмылдырылған.