Қазақстан қалаларында көліктер үшін рұқсат етілген жылдамдықты төмендетуі мүмкін

Қазақстан қалаларында көліктер үшін рұқсат етілген жылдамдықты төмендетуі мүмкін
Сурет: Pixabay

Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды CMN.KZ

Ол бұл мәселе қазір министрлікте жұмыс тәртібімен қаралып жатқанын атап өтті. Оны талқылауға күзде, депутаттар демалыстан шыққан кезде егжей-тегжейлі кіріседі.

Естеріңізге сала кетейік, қазір елді мекендер ішіндегі автомобильдердің максималды рұқсат етілген жылдамдығы сағатына 60 км құрайды.

Бұған дейін Сұлтанбаев кептелістер мен инфрақұрылымды дамыту деңгейі бойынша Алматы мен Стокгольмді салыстырған болатын.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска