Қазақстандағы пітір-садақаның мөлшері 2025 жылы ұнның екі килограмм орташа бағасына сүйене отырып, 655 теңгені құрайды. Бұл туралы ҚР Мұсылмандары діни басқармасынан айтты, деп хабарлайды CMN.KZ 

Сондай-ақ, 18 ақпанда Рамазан айының биылғы басталу күні белгілі болған.

«Ал наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні болады. 30 наурыз – Ораза айт мерекесі басталады», – ҚМДБ ресми хабарламасында айтылған.

Еліміздің әр өңірі, қаласы, ауданы мен ауылы үшін ораза мен намаздың кестесі Діни басқарманың сайтында жарияланған. Оны осы жерден қарауға болады.

Бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Исламдағы Сюцайға деген көзқарас білдірді. Улем кеңесі шариғат бойынша нумерологияның осындай түрі күнә деп шешті.

Share.

Leave A Reply

Exit mobile version