Бұған дейін мұндай сабақтар еліміздің білім беру мекемелерінде өткізілген болатын, деп хабарлайды CMN.KZ
Білім министрлігінің мәліметінше, бұл пән 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап оқу бағдарламасына қайта оралады.
«Сабақтар балалардың түрлі өмірлік жағдайларда дұрыс әрекет етуге қажетті практикалық дағдыларын қалыптастыруға және жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауын дамытуға бағытталған.», – деп түсіндірді министрлік.
Сабақтар мектепке дейінгі ұйымдардан бастап колледждерге дейінгі білім берудің барлық деңгейлерін қамтыды.
Әр жас тобы үшін жеке блок қарастырылған:
- балабақша — жедел қызмет нөмірлерін білу, ойын және демалыс алаңдарындағы қауіпсіздік ережелері;
- бастауыш сыныптар — судағы және мұздағы қауіпсіздік, бейтаныс адамдармен кездескенде өзін ұстау, қаңғыбас иттерден қорғану;
- орта буын сыныптары — буллинг пен кибербуллинг, қауіпті интернет-әуестенулер, бейтаныстардың ұсыныстарынан бас тарту, өз іс-әрекетіне жауапкершілікті қалыптастыру;
- жоғары сыныптар мен колледждер — қаржылық сауаттылық, алаяқтардан қорғану, онлайн-ойындардағы тәуекелдер, еңбек қауіпсіздігі, өз құқықтары мен міндеттерін білу, жеке әрекеттері үшін жауапкершілік.
Мұндай сабақтар балалардың мазасыздығын төмендетіп, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады және оларды өмірдегі, онлайн ортадағы күрделі жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйретеді, деп толықтырды министрлікте.