Қарағанды облысында тағы да ауыр жол апаты орын алды. 15 қараша күні шамамен сағат 10:00-де Алматы-Екатеринбург тас жолында, Құрма ауылына 2 шақырым жетпей, «Тойота Альфард» автокөлігі апатқа ұшырады, деп хабарлайды CMN.KZ.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші көлікті басқаруды жоғалтып, нәтижесінде көлік аударылып кетті.

Бұл қайғылы оқиға бір сәтте жеті адамның өмірін қиып кетті: жүргізуші мен алты жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы, 12 жастағы бала, ауыр жарақат алып, дереу ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалауда.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Қарағанды облысының полиция департаменті бұл қайғылы жағдайдың алдын алуға болатындығын айтып, көлік жүргізушілерінен жол ережелерін қатаң сақтауды және жылдамдықты шектен тыс асырмауды сұрайды.

Share.

Leave A Reply

Exit mobile version