Алматы облысында 14 қараша күні орын алған жол-көлік оқиғасы бүтін бір шаңырақты қара жамылтты. Түнгі мезгілде 18 жастағы көлік жүргізушісі төрт адамды қағып, оқиға орнынан ізін суытты, деп хабарлайды CMN.KZ.

Жол апаты Есік қаласындағы Алтын адам аллеясында болды. Аллеяда бейқам серуендеп жүрген жаяу жүргіншілер бір сәтте оқыс оқиғаға тап келді. Ауыр соққының астында қалғандардың ішінде 16 жастағы жасөспірім қыз ауыр халде аудандық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер қанша тырысқанымен, 15 қараша таңында ол қыз жан тапсырды, — деп мәлімдеді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, жедел-іздестіру шаралары дереу қолға алынды. Күдікті — жергілікті 18 жастағы бозбала — тез арада анықталып, ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Бұл қайғылы оқиғадан бұрын, 15 қараша күні таңертең «Алматы – Екатеринбург» тас жолында болған апат та жұртты дүр сілкіндірді: Қарағанды облысында орын алған бұл апатта жеті адам көз жұмды.

Share.

Leave A Reply

Exit mobile version