"Қайрат" ФК Чемпиондар Лигасына билеттер сатылатыны туралы хабарлады

"Қайрат" ФК Чемпиондар Лигасына билеттер сатылатыны туралы хабарлады
Сурет: olympic.kz

"Қайрат" – "Реал Мадрид" матчына билеттерді 23 қыркүйекте сатып алуға болады. Сатудың басталуы – Астана уақыты бойынша сағат 17:00-де болады, деп хабарлайды CMN.KZ

Алматы футбол клубында қазақстандықтарды билеттерді сатып алуға мұқият болуға шақырды. Мұны "Қайрат" ФК ресми сайтында немесе Ticketon платформасында жасаған дұрыс.

Бір қолға екі билеттен артық емес – ЖСН нөмірі бойынша сатылатыны атап өтілді.

Бағалар УЕФА-мен келісілген және футболшылар Алматыдағы Орталық стадионда өткізетін барлық үй матчтары үшін бірдей болады – 30 000-нан 250 000 теңгеге дейін.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска