Путинцева Australian Open-2026 турнирін сенсациялық жеңіспен бастады

Теннисистка Юлия Путинцева выиграла у второй ракетки мира в Цинциннати
Фото: Юлия Путинцева в Instagram

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Australian Open-2026 ашық чемпионатын сәтті бастап, алғашқы матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды CMN.KZ

Турнирдің алғашқы кезеңінде ол Бразилия өкілі Беатрис Аддад Майямен кортқа шықты. 2 сағат 55 минутқа созылған тартысты кездесуде есеп 3:6, 7:5, 6:3 болып, қазақстандық спортшының пайдасына шешілді.

Путинцева матч барысында үш эйс жасап, бір ғана қос қате жіберді. Ал Аддад Майя бір эйс орындап, жеті қос қателікке жол берді.

1/32 финалда Юлия Путинцева Франциядан келген Эльза Жакмомен кездеседі.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска