Полиция майоры Қарағанды облысында оқу жаттығу кезінде қаза тапты

Полиция майоры Қарағанды облысында оқу жаттығу кезінде қаза тапты
Фото @cmn.kz

Көз жұмған Алдан Алиев 36 жаста болған. Апат оқу-жаттығу сабақтары кезінде орын алғын, деп хабарлады CMN.KZ аймақ полиция департаментінде

Департаментте басқа мәліметтер нақтыланбаған.

"Қарағанды облысы полиция департаментінің басшылығы, Ардагерлер кеңесі және жеке құрам оқу-жаттығу взводының аға инспекторы, полиция майоры Алдан Жұмажанұлы Алиевтің отбасы мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады", – делінген хабарламада.

ІІМ басшысы Ержан Саденов оқиғаға қатысты көңіл айтты. Ол полиция департаменті марқұмның отбасына барлық қажетті қолдауды көрсететініне сендірді.

"Оқиға орнына менің орынбасарым басқаратын комиссия жіберілді. Тергеу барысы бақылауда", – деп қорытындылады Ержан Саденов.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қайтыс болған патрульдік полиция қызметкері Шалхар Байжомартовты ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттады. Лейтенант Алматы облысында ЖКО тіркеу кезінде қаза тапты.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска