Оқиға Республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолында болған. Патрульде жүрген қызметкерлері бес метрлік биіктікте көпірден секірмек болған әйелге назар аударды, деп хабарлайды CMN.KZ
Полиция әйелге жақындап, оны әңгімелесіп, алаңдатты. Содан кейін құқық қорғаушылар оны қолын ұстап, қауіпсіз жерге апарды.
«Полицейдің қызметі қауіпсіздікті қамтамасыз ету болғанымен, кейде құтқарушы, ал енді бірде психолог болады. Мұны жақсы білетін қызметкерлер өмірден түңіліп, жабырқап тұрған келіншекке түсіндірме жұмысын жүргізді. Әйел өз жауабында отбасылық жағдайынан шаршағанын жеткізді. Онымен профилактикалық әңгімелесу шаралары жүргізіліп жатыр», – деді ІІМ баспасөз қызметінде.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Тараз тұрғын мектептің жанында өзінді өртеуге тырысқаннан кейін әкімдікте мәлімдеме жасалды. Шенеуніктердің айтуынша, ер адам оны баспана алу үшін кезекке қоюды талап етті.