Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 18 жастағы оқушысы үшінші қабаттан құлап кеткен. Оқиға фактісі расталды, деп хабарлайды CMN.KZ.
Мектептің мәліметінше, 17 ақпанда оқушы үшінші қабаттан құлау салдарынан жарақат алған.
«Қазіргі уақытта ол медициналық мекемеде жатыр», – делінген ресми түсіндірмеде.
Оқиғаның себептері анықталып жатыр.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз