Алматы облысында паводок салдарынан республикалық маңызы бар жолдың бір бөлігі бұзылды, деп хабарлайды CMN.KZ
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, шамамен сағат 11:30-да «Кеген – Нарынқол» трассасының 20-шақырымында су тасқыны жолды шайып кеткен.
Жол төсемі су өткізу құбыры орналасқан тұста опырылып түскен.
«Бұл учаске бұрын су басу қаупі бар аймаққа жатпаған. Қазіргі уақытта ол орташа жөндеу жұмыстары аясында мердігер ұйымның қарауында», – деп хабарлады компания.
Қазір бұл бөлікте қозғалыс уақытша шектелген. Көліктер топырақ жол арқылы айналып өтуде. Жақын арада қиыршық тас төселген уақытша айналма жол жасау жоспарланып отыр.
Бүлінген жолды қалпына келтіру жұмыстары паводок суы толық қайтқаннан кейін басталады.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз