Павлодарда колонияның бұрынғы бастығы түрмеге қамалды

За порчу видеокамер в тюрьмах Казахстана ввели уголовную ответственность
Фото: пресс-служба МВД РК

Павлодар қаласында сот №45 колонияның бұрынғы бастығына қатысты үкім шығарды. Ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және құпия ақпаратты жария ету баптары бойынша кінәлі деп танылды, деп хабарлайды CMN.KZ

Тергеу мәліметінше, бұрынғы басшы ақша үшін жекелеген сотталғандарға «ерекше жағдайлар» жасап берген. Сондай-ақ айыптаушы тарап оның қызметтік міндеттерін атқару барысында қызметтік құпия ақпаратты таратқанын дәлелдеді.

Сот оны 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыруға және подполковник шенінен айыруға үкім етті.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска