Павлодар – Омбы тасжолында екі жүргізуші қаза тапты

Скорая медицинская помощь
Фото @cmn.kz

Қайғылы оқиға бүгін, 27 желтоқсанда, Бобровка ауылы маңында болған, деп хабарлайды CMN.KZ

Бетпе-бет соқтығысудың салдарынан екі жүргізуші оқиға орнында қаза тауып, бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Алдын ала деректерге сәйкес, жолда көктайғақ болған. Соның салдарынан Toyota Vitz көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Сол жерде Hyundai Accent көлігімен соқтығысқан», – деп хабарлады полиция.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска