Павел Дуровтың байлығы екі еседен астам азайды

Павел Дуров Қазақстанда үйленбейді: сонда не үшін келді?
Сурет: Ақорда

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровтың байлығы 17,1 млрд доллардан 6,6 млрд долларға дейін қысқарды, деп хабарлайды CMN.KZ

Forbes.ru дерегінше, бұған Telegram үшін нарықтағы жағдайдың нашарлауы себеп болған.

Дуров алғаш рет Forbes рейтингіне 2016 жылы енген. Сол кезде «Ресейдің ең бай 200 бизнесмені» тізімінде оның байлығы 600 млн доллар деп бағаланған. 2018 жылы ол миллиардер атанып, содан бері әлемдік байлар тізіміне тұрақты түрде кіріп келеді.

Сарапшылардың айтуынша, Telegram негізін қалаушы жақын уақытта облигация ұстаушыларға төлем жасауға тиіс. Алғашқы облигациялар бес жылға 7% купонмен шығарылып, оларды өтеу мерзімі 2026 жылдың 22 наурызына белгіленген.

Дуров олардың бір бөлігін алдын ала сатып алып, 2025 жылдың маусымында 1,7 млрд доллар көлемінде жаңа облигациялар орналастырған. Алайда олардың табыстылығы жоғарырақ – 9% купонмен шығарылған, бұл олардың сенімділігі төмен екенін көрсетуі мүмкін. Наурыз айында ол ескі облигациялардың шамамен 1,1 млрд долларын өтеуі қажет.

Басылымның жазуынша, бірқатар сарапшылар Дуров облигация ұстаушыларымен Telegram акцияларын бөлісуі мүмкін деп болжайды. Бірақ бұл IPO арқылы емес, тікелей жүзеге асуы ықтимал.

«Екінші шығарылымды сатып алған қорларға қараңыз – олардың арасында BlackRock, Abu Dhabi, Mubadala және басқа да ірі инвесторлар бар. Мүмкін Дуров оларға Telegram акцияларын уәде еткен шығар», – деп келтіреді журнал сарапшының сөзін.

Ал Telegram-ның IPO-сына келсек, сарапшылар жақын уақытта мұндай қадам болмайды деген пікірде.

«Қазір ештеңе болмайтын сияқты. Telegram негізгі нарықтардың бірі – Ресей мен Иранда бұғатталған. Мұндай жағдайда IPO өткізуге қолайлы кезең емес. Дуров айтқан бағадан төмен деңгейде орналастыруға компания бармайды, ал қазіргі нарықтық баға әлдеқайда төмен», – дейді аты-жөнін жарияламауды сұраған инвестициялық банкир.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска