Қайғылы оқиға 18 қаңтарға қараған түні Жаңаөзен қаласындағы Маната көшесінде болған. Онда өрт сөндіру көлігі мен Lifan маркалы автокөлік соқтығысқан, деп хабарлайды CMN.KZ
Оқиғаның мән-жайын Lada.kz басылымына Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Соқтығысудан кейін өрт сөндіру көлігі алдымен қоршауға, кейін жеке тұрғын үйге соғылған», – делінген хабарламада.
Жол апаты салдарынан екі адам қаза тапты. Тағы бес адам жарақат алды, олардың үшеуі – өртке қарсы қызметтің қызметкерлері.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Іс облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз