ORDA бас редакторының бұрынғы адвокаты лицензиясынан айырылды

суд
Pixabay

Сөз ORDA басылымының бұрынғы бас редакторы Гүлнара Бажкенованың қорғаушысы ретінде соңғы уақытта танылған адвокат Мұрат Адам туралы болып отыр, деп хабарлайды CMN.KZ

Бұл шешімді Алматы қаласының Бостандық аудандық соты қабылдады. Мұнда ҚР Әділет министрлігінің адвокат Адамға қарсы азаматтық талап арызы қаралған.

«Талап арызда адвокаттың кәсіби міндеттерін атқару барысында қолданыстағы заңнама нормаларын өрескел әрі бірнеше рет бұзғаны көрсетілген», – делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сот адвокаттың әлеуметтік желілерде өз құқықтарының бұзылғаны және тергеу мен соттың заңсыз әрекеттері туралы жалған ақпарат жариялап, қоғамды адастырғанын анықтаған.

«Нәтижесінде тергеу органдарының жұмысының заңдылығын растайтын сот актілеріне қарамастан, адвокаттың және оның қорғауындағы тұлғалардың құқықтары бұзылды деген шындыққа жанаспайтын ақпарат таратылған», – делінген ресми релизде.

Әділет министрлігінде мұндай жария мәлімдемелерді адвокат мәртебесін асыра пайдалану және тергеу органдарына қысым көрсету әрекеті ретінде бағалады.

Сот іс материалдарын және тараптардың уәждерін зерттей келе, талап арызды қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска