Орал қаласында болған өрт кезінде 52 жастағы әйел аман-есен құтқарылды, деп хабарлайды CMN.KZ
Өрт жеке сектордағы Украинская көшесінде орналасқан аулалардың бірінде шыққан. Алдымен шаруашылық құрылыстар мен тұрғын үй жанып, кейін жалын көрші үйдің шатырына ауысқан.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, барлау барысында құтқарушылар 1974 жылы туған әйелді үй ішінен тауып, сыртқа алып шыққан.
«Сондай-ақ құтқарушылар бір газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды. Бұдан бөлек, өрттің таралуын тоқтатып, көрші үйді аман сақтап қалды», – деп хабарлады ведомство.
Өрт жалпы 170 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Құтқарылған әйелді дәрігерлер тексеріп шықты.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз