Батыс Қазақстан облысында полицейлер 22 жастағы әріптесінің қаза табу фактісі бойынша мән-жайын зерттеп жатыр. Оның денесі Достық ауылындағы өз үйінің ауласынан табылды, деп хабарлайды CMN.KZ
Қайғылы оқиға 2025 жылдың 21 маусым күні болды.
«Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Себептер мен мән-жайлар анықталуда», – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Астанада ер адам 25 қабаттан секірген болатын. Алдын ала ақпарат бойынша, ол бірге тұратын әйелін өлтіргеннен кейін өмірімен есеп айырысуды шешті. Әйелдің артында екі баласы қалды. Бірақ астаналық осындай биіктіктен құлағаннан кейін тірі қалып қана қоймай, өзіне келгені белгілі болды.