Олимпиадаға арналған құрама свитшоттары балалардың суреттері негізінде жасалды

олимпийские игры
Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасы үшін қысқы Олимпиада ойындарына орай арнайы свитшоттар шығарылды. Олардың дизайнына елдің түкпір-түкпірінен келген балалардың суреттері негіз болған, деп хабарлайды CMN.KZ

Жас жанкүйерлер спортшыларға арналған тілектері жазылған суреттерін жолдаған. Сол жұмыстар жаңа топтаманың бір бөлігіне айналды.

Жобаны ұйымдастырушылар балаларға қолдауы мен жылы лебіздері үшін алғыс айтып, мұндай бастамалар игі дәстүрге айналғанын атап өтті.

Мұндай коллекциялар ірі халықаралық жарыстар қарсаңында әзірленеді.

Бұған дейін арнайы топтама Харбин қаласында өткен қысқы Азия ойындарына да шығарылған болатын.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска